Ұнатпайтын кейіп танытты. ~ Жантай ағасына бір қарап, қабағы тыржиып отырғанын сезсе де, «сый қонақтың айтқанын жерге тастамай», иығын қиқаң еткізді де алдыға түсті. Б.Тоғ. ~ Сенің атың Түймегүл, Өріккүл болу керек. Саған сол дұрыс!.. Шашын қарашы дода-дода, тарақ тимегеніне он жыл болған шығар. Аяғы шидей, тобығынан майысқан. Қабағы тыржиып өмір бойы ашылмайды!» Т.Сәу.
ҚАБАҒЫ ТЫРЖЫҢ ЕТТІ
Ұнатпады, жақтырмағанын танытты. ~ Оған да мынау сөз тым өр көрінді. Болыс қабағы тыржың етіп, Аяпбергенге: — Бар, сөз айтылды. Үйді босатыңдар!—деді. І.Жан. ~ Тілінген етікті сыпырып алғанда сезбеп еді. Ұзақ уқалағанда барып, сол жан кіргендей болды. Халел ауырсынып, қабағы тыржың етті. С.Жүн.
