Posted in

ҚАБАҒЫН ТЫРЖИТТЫ

ҚАБАҒЫН ТЫРЖИТТЫ Ұнатпаған кейіп танытты. ~ Құлтай қабағын тыржитып, мұрнының астынан күңк ете қалды. С.Ас. ~ Жантай ағасына бір қарап, қабағы тыржиып отырғанын сезсе де, «сый қонақтың айтқанын жерге тастамай», иығын қиқаң еткізді де алдыға түсті. Б.Тоғ. ~ Шал бұйданы тартты. Апам құдасын есіне түсіре алмай қиналып қабағын тыржитты, ернін тістеді. Н.Сер.