Posted in

ҚАБАҒЫНА ҚАР ҚАТТЫ, КІРПІГІНЕ МҰЗ ҚАТТЫ

Қаһарына мінді, айбаттанды. ~ Махаббат мұңынан әлі айықпаған ба, алғашында Тотының қабағына қар, кірпігіне мұз қатып жүрді. М.Қаб. ~ Қарамандай батырдың Қабағына қар қатты, Кірпігіне мұз қатты. Қазанның естіп хабарын, Ұйқы көрмей, түн қатты. ҚҚҚ. ~ Қабағына қар қатқан, кірпігіне мұз қатқан, көк теңіздің төсінде тізе бүкпей түн қатқан, міне ер! Сондай есіл ерлер басына түскен өткінші қиындыққа көнер ме?! Ү.Жәл