Posted in

ҚАБАҚ БІЛДІРДІ

Оң ниетін танытты. ~ Кәнпескеде белсенділік істеген бір кедей жанына келді… Жай сұрағандай, жәрдем еткісі келгендей қабақ білдірді. М.Әу. ~ Бірден: – Ой, сені кешелі бері іздеп таппай жүр едім, жақсы болды ғой, – деп қуанып кетті. – Е, неге? – деп таңырқады қыз. Ол сабылып іздейтіндей не болды? – дегендей қабақ білдіріп. С.Досж. ~ Курс бастығына жетті… Сөйлесті… өкілден алған қағазын берді. Бастық алатын қабақ білдірді… Райқанның қабағы жадырады. М.Әу.