Posted in

ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЙЫСТЫ

Әлденеге қатты күйзелді, жаны қиналды, жанына жара түсті. ~ … Бұлар тіпті безобразия ғой,— деп қазаққа қабырғасы қайысатынын білдіріп, зорлық, жәбір көрген қазақтардың арызын сөз қып отырды. Ж.Айм. ~ Сендер кетсең қабырғамыз қайысады, бүйіріміз сөгіледі… оны көрмей-білмей отырған жұрт бар ма?.. Саулық қойдың жасындай жасымыз бар, мына отырған бурыл сақалдар неге тұлға боламыз? Ж.Айм. ~ Қаша соғысып жүріп Шың Шысай құрығынан зорға құтылған ауылдар дүңген жерінде талай атыс-шабысты басынан кешірсе де,бұл реткі қаза –көптің қабырғасын қайыстырып кетті. Ж.Шәк. ~ Бірақ, мен Акутагаваның неге у ішіп өлгенін, Есениннің неге өзін-өзі мерт еткенін… білгім де келмейді. Әрине, қабырғам қайысады, әлі де біраз жүре тұрса дүниеге тағы да талай жақсы шығарма туар еді деп қайғырам. Т.Әс. ~ Мұны ойлап қабырғасы қайысатын ешкiм жоқ. Т.Сәу.