Posted in

ҚАБЫРҒАСЫН КЕМІРДІ

ҚАБЫРҒАСЫН КЕМІРДІ Азапқа салды, уайым-қайғыға батырды. ~ Мынау моладай жым-жырт қаралы үйде қабырғасын кеміріп, жүрегін мүжіген зіл батпан қасіретті сездіргісі келмей, қабағынан қан жауып, қарайған халықты қаңтарып отырған қаһарлы шал тұтқынды көзімен атып жеп барады. Ә.Кек. ~ Ғасырлар бойы терістіктен соққан жел Қабырғасын кемірді . Ғасырлар бойы соққан жел Бұл үй жайлы аңызды, Аңызды жастанған керуен ізін де ұшырып жоғалтты. Б.Майт.