Posted in

ҚАҒЫНАН ЖЕРІДІ

Көңілі қалды, көрместей болды, аралары суыды. ~ Əке жаным-ай, тірілсем, көк тоқтың болайын! Өл деген жеріңде өлейін! – деп жатырмын. Ішімнен əкемнің зары ащы еді: құдайдан есімді ал деп тіледім. Есі құрғыр, қағынан жеріген қатыгез тұсақша бедірейіп, бадалып тұрып алды. Жалғанда жан өлмеген-ақ жаман екен! Сорлы шал! Көр жыла! Жер жыла! Балаңның денесі өлді, сүлдері қалды, қайтсын? Тағдырыңнан көр. Ж.Айм.

  1. Туған жерінен, өз жақындарынан безді. ~ Әр түрлі себептермен бір-екі жылдан бері Мұрат
    «қағынан жеріп» жүр. Т.Ахт. ~ Бұрын бәрін орысқа, Совет өкіметіне жабушы едік, енді
    кімнен көреміз? Өз қағынан жерінетіндей не көрінді бұл қазаққа, түсінбеймін… Т.Сәу.