Posted in

ҚАҒЫНДЫ ТИДІ (БОЛДЫ)

Құтырды, есінен ауысты. Бұзылды, құтырды, есінен адасты, ауруға шалдықты. ~ Әрине, тән қуатты болса, жан қуатты, ажарлы болады. Нашар жаннан осал мінездер туады. Мысалы: ойнас, өтірік, өсек сияқтылар. Бүл – бір. Екінші, сол уақта, өзі сурет ала алмаған бірлікке қырсықтың қара басы боп партия деген қағынды тиді. Ж.Айм. ~ Кейбірі «кәртейгенде кәрібоз жорға шығып» күшеніп-тышанып өлең жаза бастады, болат қайтып, болмысы тозғанда ақын атанып, жыл сайын кітап шығарды, күні бүгінге дейін оларының бетін ашқан пенде жоқ, күні бүгінге дейін өздерін көргенде жұрт КГБ-ның көне агентін көз алдына елестетіп, көрден шығып кеткен құбыжықтан түршігіп тұрады. Қарап жүрмей қағынды болды деген осы. Қағынды бол деп соларды зорлаған өкімет. Қ.Ысқ. ~ Күн райы бұзылайын деді ме, топшысы сыздап, сол қолы қағынды тигендей қайта-қайта селкілдеп, шошына берді. Қ.Ысқ. ~ Содан саусақтары қап- қара боп күлдіреп ісіп, аяқтарының басы көпке дейін жазылмай, ешқандай ем- дом қонбай, қағынды болып ұшыға бастайды. С.Мұр. ~ Айкүміс баланы бесікке тастай салып, шала-пұла шешініп, кір киімін қалай болса солай шашып тастап, көзіне келген жасын сығып-сығып алды: — Бүлінбей қайтушы едім. Дүниедегі үлесіме қағынды келіп жатқанда!.. Ғ.Слан.