Ебелектеп, қалбалақтап, асты-үстіне түсіп, бәйек болды д.м. * Жарас (Айманға оңашалап). Екі дәудің пәлесі әрі аз ғана, әрі момын елім Шөмекейге түсе ме деп сол үшін пәрмәнә болып ем. М.Әу. ~ «Қай қазақты көрсем де, баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмәне болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай?» Абай. * Өйткені есіктен кіре берсе, қарт шешесі мен бұған пәрмәне болған жан серігі, есті жары – Сәтжан қатарынан оба болып жатыр екен. М.Әу.
