Күл-талқан болды. ~ Тек бүгінгі емес қашаннан бергі әдет осы: елдің ит таласқан жас терідей онсыз да пәре-пәресі шығып бара жатқан төл мінезін басқадан тапқанда оп-оңай төңкеріліп қалады. А.Сүл. ~ Көп ойланып, қатты толғандым. Өзіме-өзім аямастай ауыр кінә қоямын. Жан дүнием екіге жарылып, жұмырықтай жүрегімнің пәре-пәресі шығуға айналды. С.Ғабб. ~ Күннің өзі жылынғаныменен, жұдырықтай жүрегі неше алуан қасіретпен пәре-пәресі шыққан адамдар көңілі жабырқау, қабақтары жібімеген сияқты. С.Ғабб. * … бірер күннен соң шөпке барып қайтқан Манар шарығынан су өтіп түс кезінде үйіне келе жатқанда, жұмыстан қаштың деп соңынан қуып кеп, ауылдың қақ ортасында көшеде аттың бауырына алып тұрып, пәре- пәресін шығарыпты. С.Мұр.
ПӘРЕ-ПӘРЕСІ ШЫҚТЫ