Posted in

ҚАҒЫС ҚАЛДЫ

Шет қалды; ескерілмеді. ~ Осындай зор уақиғалар көз алдымызда тұрған уақытта біз Россия және Күншығыс мұсылмандарына табан ет, маңдай терімен күн көретін
жарлы-жақыбайға, сыбағадан шетте қағыс қалған мұсылмандарға мынаны ұсынамыз. С.Сей. ~ Сонымен бірге түтінге, жан басына қарап салатын салықтан, әскерге шақырудан қағыс қалу немесе оны жеңілдету мақсатымен мемлекеттік тізімнен аулақ болуды дұрыс көргені де – ақиқат. Ж.Баб.* Бес азаматты өз қолымен жөнелткен Жаманқұлдың үйінен неге бір бала шетінемейді? Ағайын арасындағы араздықта қалыс қалған да сол екен. Құдай-ақ бейіліне қарай, апатты аурудан қағыс қалдырды… З.Шүк.