Posted in

ҚАДАМ БАСТЫ

Алға жылжыды. ~ «Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, – Дедім, – сен де қатарыңнан қалыспа!» А.Байт. ~ Сендерде ғалым бар ма, өнер бар ма? Әлі күнге өрі істе дейсің «алла», «Істің бәрі құдайдан» деген наныс, Бір қадам бастыра ма сендерді алға? С.Торы. ~ Ғажап іс: əр кезде əр адам оянып, ілгері қарай қадам басайын десе, өңкей жалқау ондай адамды «кері кетіргелі жүр, өлтіру керек» деп, ду ете түседі. Ж.Айм.

  1. Әлдебір жаңа іске, соны бағытқа бет алды. ~ «Көп беріп, көргенді елден қыз алсам» деп, Бел байлап, бұл талапқа қадам басқан. “Мақпал – Сегіз”. ~ Адам кейпінде, керек десеңіз, азамат ретінде жаңа дүниеге қадам басқан, ой-санам берік бағдар тауып, мінез-құлқым қалыптасқан, бар болашағымды айқындаған асқаралы асу, қым-қуыт оқиғаға толы, ғаламат бір дәуір. М.Мағ.
  2. Адымдап жүрді, аттады. ~ Делебесі қозған күшік алға қарай екі-үш қадам басты да, бауыры жер тірей, төрт тағандап жата бере үрді, түрегеп тағы үрді. М.Мағ.