Posted in

ҚАДАРИ ХАЛІНШЕ

Шамасы жеткенше, қолынан келгенше д.м. * Олар да көз жұмғанша адам баласына тән арман, қиял арқалап, қадари халінше жақсы тұрмысқа ұмтылған. С.Жүн. ~ Ауылға барған сайын, естімеген хикаяның шетін шығарып отыратын қара шалдың (әкейдің) кезекті кеңесі осылай басталған-тұғын. Қадари халімізше қағазға түсіріп көрейік. Ы.Дәб. ~ Сөзге құмар болғанда жазушы болайын, атағымды шығарайын демеймін, өмірден көрген-білгендерімді қадари-халімше жаза жүргім келеді. С.Ом.