Қасиетті түнді көз ілмей, құдайға жалбарынып өткізді. ~ Бес жасына келгенде, Қадір түнін күзетті, Ноғайлының үш кентін Түгелімен түзетті. “Сайын б.” ~ Біздің жақта ораза айтынан кейін, Қадір түн күзетеді. Егер құдай тағала қаласа — қараңғы түн қақ жарылып, бір сәтке жарқ ете қалады екен. Осы жарқ еткен кезде, не айтып үлгерсең, сол тілегің айнымай қабыл болады дейді. Т.Ахт. ~ Шарапты сыздықтата ішіп, сыпайы отырған жаппай коммуникацияның жас өкілдері қадір түнін күзеткендей тыныштыққа беріліп еді. О.Бөк.
