Әлдебір істі уақытында орындау мағынасында, өткізіп алмау мағынасында. Көбінесе діни парыздарға қатысты айтылады. * Ауыл шетіндегі Кеңгірдің мазары тұрған төбеге шығу – Гүлияның қайғылы қазасынан соң Дарханның қаза жібермейтін бес уақ намазы секілді айнымас әдетіне айналып еді. О.Бөк. ~ Жексенбіні қаза жібермей шіркеуге баратын үй ішімен. Ақ мәрмәр төселген жіңішке жолды жүрегің дірілдеп әзер басасың. Т.Сәу.
