Posted in

ҚАЙ БЕТІМЕН БАРАДЫ (КӨРІНЕДІ)

Әлдебір себеппен біреудің алдына баруға ұялғанда айталады. ~ Жанай үйіне қайтты. Клубта әлі би болып жатыр. Тфу! Таяқ жеп ап, қай бетімен барады онда. Апыр-ау, мұны комсорг дейді-ау, тағы. С.Мұр. ~ Нақ осы кезде адам көмегі керек екені оның ойына сап ете түсті. Бірақ, бұл қай бетімен бармақ. Басы ойлап бітпей жатып-ақ Сары атанның аяқтары Қарадырға қарай тартты. Б.Қыд. ~ Бөкен үндеген жоқ. Орнынан да қозғалмады. «Қосқа қайта бер» дейді. Қалай қайтпақ? Онда жатқан Жәмешке қай бетімен көрінбек? Д.Әш.