Уайым, жамандық. * Ауылым көшіп қонды Керменкөлге, Керменкөл – келісті екен серуендеуге. Қайғының бұлты ыдырап жазылады Қалқатай, уәдеңді берген жерде. Б.Майл. ~ Қайғы бұлты, маған енді төнбеші, Төне қалса, жаным, оған көнбеші, Махаббатым, құдіретті күнімсің, Сөнбеші сен, сөнбеші сен, сөнбеші! І.Ес.~ Домбыра салқын саз тербейді. Қайғы бұлтын дүркірете қуып әкеліп, долы нөсерін төге салар жел хабарындай баяу есіледі. С.См. * Күнде тұрып азаннан, Төлеген деп толғаған, Қыз Жібектен арылмай Қайғының бұлты торлаған. “Қыз Жібек”. * Мен қалқаның ұстадым етегінен, Қалмаймын деп серт бердім жетегінен. Қалқа жоқта қайғының бұлты торлап, Жасаған, қандай болып өтеді күн? Б.Май.
