Posted in

ҚАЙНАҒАН ҚАЗАНДАЙ

Қалың ел, ығы-жығы, тоқтаусыз іс-қимылдың сипаты. ~ …Бұхардың қайнаған қазандай, асты-үстіне шығып жатқан ығы-жығы өмірі. Жәрмеңкедей қаласы. Көкке қол созған көк күмбезді қос мешіт. Х.Ес. ~ Канцлер генерал–губернатордың ұсынысын қабылдаған. Бірақ қайнаған қазандай бұрқыраған ереуілді қазақ жерінің тең орталығы Ұлытауға келіп орналасуға казак–орыстар көнбеген. І.Ес.