Қолдан келер амал жоқ. * – Бұған қайран жоқ екен, Әсейінжан… Қол жетпеске күйінбе, өмірің алда. Арманыңды әнге қос та, аспандата шырқай бер. Қ.Тол. ~ Мына сөз Қартқожаның өңменінен атып жібергендей болды. Туысқанның, ауылдың түрі мынау. Енді қайда барғанда жан қалады? Ағайыннан, ауылдан қайранның жоқтығын, қазақтың береке, ұйымның бас паналатқандай ешбір тиянақтың қалмағаның, қиын қыстау күн туса, әркім өз басын қорыттап кететінін Қартқожа сонда білді. Ж.Айм.
