Posted in

ҚАЙРАТ ШАҚЫРДЫ

Әл жинады, өзіне-өзі күш берді. ~ Күлжәмила босамады, жыламады. Босаса, Әкімді бүлдіріп алам ба деп қорықты. Қарт жүрегіне қайрат шақырды. К.Қаз. ~ Бұл осындай қаттылық істеп, қайрат шақырмаса мынау әншейін бөрік арқалаған өңшең маубастың найзаны тастап қауға ұстап, қой соңында қаңғырып кететін түрі бар. Ә.Кек. ~ Жомарт батыр сол – ақ екен қайта ширығып, жігері мен қайратын шақырып, қолындағы алмас қылышын оңды– солды сілтеп барады. С.См.