Күш-қуатын бойына жинақтады. ~ Аруана тағы да тәлтіректеп құлай жаздады. Бұл жолы да бар қайратын жиып, құламай қалды. Енді ол тәлтіректемеуге, құламауға тырысты. С.Дос. ~ Шөке өзінің демінің сығылып бара жатқанын аңғарып қайратын жиды да артына келіп жабысқан адамды мойнынан лақтырып жіберді. Б.Жұм. ~ Сараның намысы — өз басының намысы ғана емес, барлық Найман елінің намысы. Ол намысты Біржанға жіберсе, жалғыз Сара емес, барлық Найманның жағасы жығылады. Міне, осы ой Сараның қашқан құтын қайтарып, ол ақындық қайратын бойына жинап, жігермен сыртқа шығады. С.Мұқ.
