Өтіп кеткен қимас құбылыс туралы. ~ Сонау сағымданған тау сілеміндей алыста қалған, қайта оралмас жастық шағы бір сәт көңілін тәтті мұңға батырып шымырлатып өтті. Н.Сер. ~ Толқындар соғар жағаға, Ағыстар қайта оралмас. Сәулесін сепкен санаға, Өзіңдей ешкім бола алмас. Ә.Ысқ. ~ Кешегі айтқан көп жаман Бір жақсыдай бола алмас. Басыңнан ұшса дәулетің, Айналып қайта оралмас. Шернияз. ~ Ән әуенінде ерекше ерке наз, сүйкімді қылықпен қоса қайта оралмас жастыққа деген сағыныш бар. С.Ғабб.
