Posted in

ҚАЙТҚАН МАЛ ҚАЙЫРЫМЕН

Біреуге бергенін қайтарғанда, біреуде кеткені өзіне оралғанда айтылады. ~ Жақып рәсімді сыйламаса да ошақ басына тізе бүгіп темекісін шығарды. Бекет төс қалтасынан ақша суырып ұсынды. — Екі жүз сом. Қайтқан мал қайырымен. Менің мойнымда да қарыз боп кетпесін, — деді. — Қолхатымды қайырмай-ақ қойсаң да болады. Қ.Ысқ.