Posted in

ҚАЙЫН-ЖҰРТЫҢА (АСЫҒЫП) БАРАМЫСЫҢ

Асығып-тықыршып тұрған адамды келемеж қылу. ~ Ақырын, пәтшағар, ақырын айда! – деді Еркін зілмен. – Қайын-жұртыңа асығып барамысың. О.Бөк. ~ Әй, өзің қайын жұртыңа бара жатқандай сымпиып алыпсың ғой?! — дейді көзі шапыраштанып. — Жол болсын!.. Д.Рам. ~ Қалғандары да қайын жұртына бара жатпаған болар. “Тағы тайганың” саяқтарын сиқынан … Құр айғыр мініп қайын жұртыңа барайын деп пе едің?! Қ.Ысқ. ~ Болды енді, қайын жұртыңа бүгін барайын деп жатқан жоқсың? — Менің үйімнің қышын құйып келгендей, суды сонша сарылдатып төккенін қарашы-ей! Н.Ор.