Қатаңдық, қатқылдық сипаты. ~ Жаз гүліндей жайқалған керімсал әйел қайыңның безіндей қатып қалды. Сырт көзге жүреді, тұрады, ас ішеді, сөйлейді, үй шаруасын істейді. М.Қаб. ~ Оның суреткерлік жаны қандай таза әрі қайталап айтайын, қайыңның безіндей қатаң болса, фәнидегі тіршілік аясы да сондай ашық, бойына кір жұқтырмайтын мұнтаздай кіршіксіз және артық пысықтықты басынан асырмайтын тура мінезді кірпияз еді. Т.Жұрт. ~ .Шалқалағанға – шалқақ, асқақтағанға – асқақ қарайтын қайыңның безіндей қатаң (қатал емес) Сайын, керісінше: жасқаншақ – батыл, жасыған – өжет, жаралы – дауалы, қайғырған – қайсар болса екен деп тілейтін және ол адамды бұрын танысын-танымасын, аралассын-араласпасын, оған қарамай сол адамның мұқтаждығымен бірге өзі де еріп кететін, өзгенің де сол адамға демеу болғанын қалайтын. Т.Жұрт.
