Posted in

ҚАҚ (ҚАҚА) ЖАРТЫСЫ

Әлде ненің тұп-тура жарты бөлігі, екіден бірі. * Қырық жылқы, алты жамбы құнға салды, Өздері қақ жартысын
олжаланды. С.Торы. ~ Айтып-айтпай не керек, түрікпеннің қақ жартысы Аллақұлдың құлдығында жүргенде ынтымақ болсын ба. Ә.Әл. ~ Бір сәтте аспанның қақа жартысын басып, жоғарыдағы биіктің басын қоршап алды. Алдамшы күні сөніп, әлдеқайда тығылып кетті. М.Әу.

  1. Бір нәрсенің едәуір бөлігі. * Байларға контрибуцияны қаланың кішкенелігіне қарағанда Ақмола Совдепі көп салды. Біз ә дегенде бір миллион мөлшерлі байлығының қақ жартысын Совдепке алдық. С.Сей. ~ Өзінің мың жарым жылқысы бар екен, бұл істеген жақсылығым үшін, өлімнен құтқарғаны үшін сол, мың жарым жылқының қақ жартысын беретінін айтып зарлайды. Ә.Әб.