Ажырамас болып кіріккен д.м. ~ Қалыпты аспан көктен жерге құламай. Шөгіпті бұлт жерге қаққан сынадай. Мен адаммын дедім-дағы тік тұрдым, Жылағым кеп тұрса-дағы жыламай. С.Мәу. ~ Зармұңым бар қайнап жатқан тұмадай, Тағдырым бар тасқа қаққан сынадай. Сөзден – сауға, ойдан – қайыр сұрамай, Көкірегімнің көзі жанса шырадай – Қасиетіңнің шапағаты тигені, Айналайын аруағыңнан, ұлы Абай! Н.Айт. ~ Ағашқа қаққан сынадай Арамызға енiп нең бар, Қыз? Жай бiлгiң келсе сұрамай – Жаратқан жалғыз, мен жалғыз! И.Сап.
