Posted in

ҚАҚТАҒАН АҚ КҮМІСТЕЙ

Аса көркем, сымбатты, аппақ. ~ Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Абай. * Ай астында ағарып отырған он жеті жасар қыздың қақтаған ақ күмістей сұңғақта сұлу бітімі – ертеректе ғана болатын су перісіне ұқсайды. О.Бөк.