Қатты қуанды, масаттанды. ~ Мына уәжге Әли қалпағын аспанға ата жаздады. Алла да қарсы болған жоқ. Б.Тоғ. ~ Қалыңдығын Ақтөбедегi елiне апарып той жасаған Тасболат ол жақтан қалпағын аспанға атып, асып-тасып шалықтап келдi. Т.Сәу. ~ Шауып алам дейсің, өзің қолға түсіп қалсаң ше? Шатырбай қалпағын аспанға сонда лақтырар, — деп ол басу айтып. К.Қаз. ~ Е, дәл осындай көк табанды әміркен соғыстан қайтпай қалған Әмір баласы сонау жылдары бастың болып, қалпағын аспанға әуелете лақтырып тұрғанда бір киген. М.Қаб.
