Күнін әрең көріп отырған, өлімші тірлік туралы. ~ Тәңiр-ай, айналаң өрттей жаулық болғанда, ортада қап отырған бiр түп шидей, қалт-құлт күйiмiз бар едi. Тiлеуiң құрғырлар, тым құрса осы отырған елу үйдiң кiм екенiн ойласа еттi. М.Әу. ~ Бигелді жүгін қоя салып əскерше қалт тұра қалды да, түндегі жігіттерден естігенін айтты. Қ.Шабд. ~ Төрінен көрі жуық ғаріп адамның жан түкпіріне, сезім тереңіне үңілдім. Қайткен күнде дертіне шипа тауып бергім келді. Желдібайдың қалт-құлт тірлігі маған майы таусылып, өшіп бара жатқан шырағдандай көрінді. С.Ом. ~ Балалы- шағалы. Тапқан ақысы ішіп- жемге шапшып әрең жетеді. Әйтеуір қалт-құлт күн көріс. Т.Рыс.
