Posted in

ҚАЛШ-ҚАЛШ ЕТТІ

Ашу шақырды, байбалам салды, діріл қақты. ~ Несін айтайын, бетке шіркеу белгілі күнә емес пе, Жареке- ау, — деп Аққұл кенет қалшылдап, қамшысын көтеріп, байбаламға басты. Қалш- қалш етіп орнында әзер отыр. — Мына жаман сәурік менің шаңырағымның арын былғады, әулетімді күлкі- мазақ қылды ғой. Б.Мом. ~ – Әй, құдай-ай, ауылнай-ақ қорлады-ау, Соған тыю, соған жаза болмады-ау! – Деп Мырқымбай, қаны қатып демінде Қалш-қалш етті, жүрегінде жанды алау. К.Мырз. ~ Өте алмастан қалған жандай кермеден Қалш-қалш етiп қолын сiлкiп сермеген Күйiп-пiсiп бұлқан-талқан боп тұрған Бейтаныс жан, Ашулысың сен неге? Т.Мед.