ҚАЛЫҢ БҰҚАРА Қарапайым халық, көпшілік. ~ Анығында солай ма? Қалың бұқара тұрсын, төңкеріс боларын, одан кеңес өкіметі орнарын әуелі оқыған азаматтардың, саясатшыларымыздың қаншасы алдын ала болжады? Ж.Айм. ~ Қазіргі уақытша үкіметтің еңсесінде осындай ауыр жүк бар. Мұны жалғыз үкімет қана көтермейді. Бүкіл қалың бұқара болып көтеруге тиісті. М.Дәу.
