Еңсесін басқан қайғы, кесапат, бақытсыздық. ~ Мықтыға тізе бүктіріп, бел қайыстырған беу дүние-ай!.. Қайран қаймана халқым-ай, қайда барсаң да Қорқыттың көрі алдыңнан шықты-ау!.. Тас маңдайыңдағы қалың сордан арылып, өз қолың өз аузыңа жетер күн туар ма екен, шіркін?!» М.Әу. ~ Ата-анам, асырап едің алып қолға, Мінеки, жасым келді жаңа онға. Әкемді күнде біреу жағалайды, Қалың сор, нәсіп емес маған ол да. Ә.Най. ~ Хал жақсы болса шал байғұс былтыр қош айтысқан шахтысына биыл барар ма еді? Оның үстіне Дулатымнан хабар болмай көңіл түндігі ашылмай тұр, күнім. Соғыс дегенің қалың сор ғой. Ә.Әб.
