Posted in

ҚАЛЫС АҒАЙЫН

Пәлендей жақындығы жоқ алыс туыс, жекжат. ~ Ақылбай барлық Ырғызбай iшiндегi бұла-болпаш жастың бiрi болатын. Өзi Абайға ағайын iшiнде ең тоңторыс, алыс есептi. Жай қалыс ағайынның бiрiндей. М.Әу. ~ Екі аптадан соң ел ағалары жиылып, үкім айтуға билер бас қосты. Әдетте мұндайда екі жаққа да қалыс ағайын ғана үкім айтады. Бір жағына бүйрегі бұрмай аралық әділдігін солар білдірмек. Б.Мом.~ Егер ұлықтар, соттар барлық істің хақиқатын білем десе, осы біз сияқты көлденең, қалыс ағайыннан шындықты сұрау қажет деп білеміз. Біздің арызымызда осы жайды анықтап, дәлелдеп жазуыңызды өтінеміз! – деді. М.Әу.