Posted in

ҚАМШЫ САЛЫМ

Сілтеген қамшы жететіндей қашықтық. ~ Сонан кейінгі екі ат көпке дейін құйрық тістесіп қатар келе жатты да, тек иек артпа қайқаңға ілінгенде, торытөбел қамшы салымдай алға түсе берді… Қ.Жұм. ~ Гауһар қасындағылардан қамшы салым ілгері шыға қалған екен. Т. Рыс. ~ Сақшылардың қолында оқтаулы мылтық. Айдаған адамдарының соңында қамшы салым ғана жақын келеді. Т.Рыс.