Жасыды, әлсіздік танытты. ~ “Жас басыңмен бұ не, тақа, қамырдай езіліп! Кәне қимылда, бас аяғыңды!” деп тастауы ықтимал. С.Елу. ~ Молақ қопарған “С-100” азан-қазан болып жер тарпып жатқан. Борпылдақ қара топырақ қамырдай езіліп, жылан бауырдың ырсиған тістеріне тиянақ болмады. Желе-жортып келген Шерубай тракториске әлде не деп айқайлап еді, естімеді ме, елегісі келмеді ме, итеңдеп рычаг тепкілеген жігіт кісі деп қарамаған соң құрықтың ұшымен тақыр қолтықтан пісіп алды. Қ.Ысқ.
