Тым жүдеу. * Қарасам, келінімнің қолынан орағы түсіп кеткен, өзінде қан-сөл жоқ, құп-қу боп тапжылмастан тұр екен. Ш.Айт. ~ Жүзінде бір тамшы қан-сөл жоқ, боп-боз боп, ес-түссіз жатқан Ақылбекті ауруханаға əкетіп бара жатқанын көргенде Раушан күйеуін іштей өлілердің қатарына қосып қойған еді. Н.Кел. ~ Аққа қара басқандай анық етіп жазылған хатты оқи бастаған Намырдың ақ сары өңінде қан-сөл қалмай бозарып кетіпті. С.Ғабб.
