Қалың ел қатарласа қонған суы мол, оты мол, у-дуы, қызығы шалқыған жазғы жайылым. ~ Ең ақырында солардың бәріне иелік ету үшін адамзат келді дүниеге. Тағыны тізгіндеді, асауды бұғалықтады, құла дүзді қан жайлау,
меңіреуді елді мекен етті. Ол кезде ру аласы, ел таласы болған жоқ. М.Мағ. ~ Кіші жүздің көп рулары кей жылдары бас қосып қалған қан жайлауларда Байтабын мен Ақбөкен де үш-төрт рет ұшырасқан. І.Ес. ~ Анығында қалың елдің қан жайлауының ортасына орнаған “санақ” төрелеріне бұл жолы басқаша бір бейіл берген осы жайлау байларының ынтымағы бар-ды. М.Әу. ~ Жылда қан жайлау түгілі, он-он бес шақырым жердегі қысқа жайлауға шыққанның өзінде атқұмар Ақтоқты ертеден қара кешке жорға үстінен түспейтін. С.Жүн.
