Posted in

ҚАН ҚЫЗЫЛ

Қою қызыл түсті. ~ Күн әлі шыққан жоқ. Алатау шыңдары қан қызыл, тіпті батысқа қарасаң, ол да қып-қызыл. Бұл не сұмдық!? М.Мақ. ~ Гранитке байланысты пайда болатын мөлдір, қызыл, көк түсті слюда, ашық кызыл микроклин, мөлдір көк флюорит, қою жасыл турмалин, қан қызыл граниттердің өзі неге тұрады. Т.Әбд. * Аспанда алапат дауыл тұрды, сеңдей сапырылысып ұйқы-тұйқысы шыққан әлгі қан қызыл бұлттан жер бетіндегі көлді көлдей, теңізді теңіздей жұтатын тажал көк өгіз түсіп келе жатты. Ә.Нұрп. ~ Сарғая бастағаны болмаса, қан қызыл боп әлі жаппай пісе қойған жоқ. С.Ғабб. ~ Шайнап үлгірмей, таусап қана жұтасың. Көптігінде шек жоқ. Қалай бұрылсаң, көретінің мөлдіреген қан қызыл моншақ. С.Нұғым.~ Күн ұясына батуға аз қалған. Көкжиектен созған сымдай жiп-жiңiшке, қан қызыл болып боялған бұлт көзге ерек көрiнедi. О.Елс. ~ Yй де, талдар да, аспан да, әкесi де, Жанбике де, мылтық та – барлығы қан қызыл түске боялғандай. О.Елс.~ Қызылтаудың алтайысының бесеуінен бір ішік шығады. Түгі мейлінше жетілген қан қызыл келеді шетінен. Пұшпақтары қара қасқа. Ө.Кәр.