Posted in

ҚАН СОРҒЫШ

Біреудің еңбегін жеп, күн көретін қанаушы. * О да руым орыс деп, аталасым деп, патшасы мен шенеунiгiне, төресi мен ұлығына ден қойып отырған жоқ. Қайта “қан сорғышым, обырым осы” дейдi екен. Дәл жаңағы өзiңдей. М. Әу. ~ – Олар талант емес, халтурщик, жолбикелер. Өнердің тәніне жабысқан қан сорғыш таскене. Ал Бекжан бір туар боздағым еді ғой. Т.Сәу. * Қой болдым қорасына келіп сіңген, Құл болып осыларға өлем бе екен? Бұлардың жүрген жері бүлік екен, Қан сорғыш, қаралардың сүлігі екен. І.Жанс.