Posted in

ҚАН СОРПА (БОЛДЫ)

Әбден шаршап, болдырды, терге малынды. ~ Таң айырып тырағайлаған талай көкжалды тiрсектен iлiп, тырапай асырған құмайдың ендiгi түрi мынау, жұдырықтай қоянға қауқары жетпей қан сорпа. Т.Сәу. * Жанқожа түсірді! Дүйсенбай күрең атты сауырға бір көміп, тура шапты. – Бақтыбай, Бақтыбай! «Бақтыбай» бес Шектінің ұраны еді. З.Шүк. ~ Мына байғұс Нұртайды өзі түсіргеннен бетер қан сорпа болды ғой… З.Шүк. * Әкелем-сәкелем деп қан сорпа боп қайтесің?! Біз де сонда адам құсап барайық. Кімнен кембіз? – деді жүзі сеспеген Айдақгүл иегі кекшеңдеп. – Оңайы сол емес пе?! Е.Абд.