Қанды майдан, қырғын соғыс, жан беріп, жан алысқан текетірес. * Иә, бұл тек түс болсын де. Содан қан төгіс басталыпты. Екі жақтан бірдей жазықты, жазықсыздар қырылып, жылаған бала, қатын-қалаштың ойбайынан жер түршіккендей… І.Ес.* Халықты артық қан төгістен үркін-босқыннан аман сақтап қалу үшін, амал жоқ . Қ.Жұм. * Кескілескен, бірін-бірі аямаған қан төгіс үш күнге созылып, ақырында саны сәл басым Баян жағы жеңді. І.Ес. ~ Жезде аға, енді есіңді жи! Соғыс деген Өтеген құрдасыңның мылжың әзілі емес, қасқыр жұлыс, қан төгіс! – деді де, Жолдыбай тебініп қойып, Досжанның қатарына келді. Т.Рыс.
