Posted in

ҚАНАТ БІТІРДІ (БЕРДІ)

Рухтандырды, жігер қосты. ~ … Ақбаянға деген таза махаббатым менің жүрегімде мәңгі сақталар еді. Сол бір асыл сезім маған сан мәртебе қанат берер еді. І.Ес. ~ «Еркектің таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін көрікті, түнін тәтті ететін, жақында жүрсе, жаныңа қанат беріп, алыста жүрсе, аңсататын, жұлдызын оңынан туғызып, еңбегін жемісті ететін сүйген жар екен ғой … Ә.Нұрш. ~ Қанымгүл өз қолымен дәмді тамақ істеп береді. Қаратай шерткен қоңыр күй Қанымгүлге қанат бітіріп, аспан әлемін шарқ ұрып ұшып жүргендей. Ш.Айт. ~ Махаббат, сезім дегенді білмейтін қарапайым… топас малғұн едім, бітеу едім, сен менің кеудемді аштың. Сен менің жаныма қанат бітірдің, сондықтан сен кінәлісің, тәте! Ә.Тар.