Posted in

ҚАНАТ БІТТІ

Шабыттанды, жаңа қарқын алды. ~ Сенің екі иініне екі қанат бітеді; желіп келе жатқан емес, құс боп ұшып келе жатқандай боласың. З.Қаб. ~ Жақсы түс көрсең жаныңа қанат бітіп, кенеліп қаласың, барша мұратыңа жеткендей жадырайсың. С.Ом. ~ Бір ғажабы, адамның көз жанары сөнгенде қиялына қанат бітіп, көкірегі кереметтей көреген боп кетеді екен. С.Ом.