Posted in

ҚАНАТЫ СЫНДЫ

Сүйеніші, сенімінен айрылды. * ─ Ақан аға, менің күйім де қайбір күй дейсіз. Мен сіз айтқан отқа жанып болғанмын. Менде қалған сүлдер ғана. Сол сүлдерде титімдей ғана жалғыз жүрек қалған. Қос қанаты сынған өлмеші көбелектей. Бір тоқтап, бір соғып талмаураған әлсіз жүрек — сіз деп соғар жүрек. Ол да қажыды, бітті. С.Жүн. * Алысқа ұшқысы келгенмен қанаты сынған үйректей өз ауылымыздың үйренген көлінде отырып қалдық. Облыс басшылары келмейтін болды ғой деймін. Ә.Нұрп. * Әйел деуін десе де, бірақ дәл қол ұшын берер жерде абыржып сасып, көз алдыңда қанаты сынған құстай, бауырын мұздан көтере алмай тырбаңдап жатқан кісіге қай жағынан келерін білмей, шыр айналып жүгіріп шықты. Ә.Нұрп.