Posted in

ҚАНАТЫМЕН СУ СЕПКЕНДЕЙ

Қолынан келген көмегін берді. ~ Сенің қарауың қайнаған жүрекке, өртенген көкірекке қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей-ау! С.Сей. ~ Осының бәрі қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да осы ел, осы жер үшін істеп жатқан болмашы еңбегім деп есеп¬теймін. Ж.Шәк. ~ Өртеніп жатқан біздің үйге қанатымен су сепкен қарлығаштай болып, Қаратау асып, Әулиеатадан жаяу келуі ер емей немене? Ш.Мұр.