Аумағын зорайтты; алысқа құлаш созды. * Қала жылдан- жылға қанатын кеңге жайып, бұрынғы қысқа қайрылатын шолақ көшелер ұзара түсіп, тез ұлғайып келеді. Қ.Жұм. * Бұл өзі заманында бір мықты байдың үйі болу керек — еңсесі биік, екі қанатын кең жайған келісті үй. Т.Ахт. * Еңсесі биік, ақ шатырлы үйлер қанатын кең жайып көбейіп келеді екен. С.Шайм. * … жүректі езер жадау сүреңсіздікті жаратылыстың көзінен жасырып тасалай тұрғысы келгендей қанатын кең жайған ымырт көлеңкесі бүркеп жүре берді. Ғ.Біләл. ~ Батур қонтайжы таққа отырған жылдары Жоңғар хандығы қанатын кеңге жайып, едәуір күшейе бастаған. Бірақ тақ таласы бәсеңдемеді. Қ.Жұм. * Иесінің асқақ арманы мен ұшқыр қиялының көрінісіндей көкке бой ұсынып, қанатын кеңге жая түсті. Ү.Жәл.
