“Кімсің, кімнен артықсың” д.м. кемсіте сөйлеу. ~ Есігімде жүрген есесіз құл, құдайыңды ұмытқан екенсің! Бес қара бітті деп теріңе сыймай жүр екенсің ғой сен! Қаңғыртып, қоңыз тергізіп жіберейін. Жылқымды қан сорпа қылып қуып, атымды барымта қылып ұстайтын сен қандай әулиесің?! М.Әу. ~ Туа сап сол ақынға ауды да есім, Пір көріп өттім өлең дәу киесін. Мұқаңнан мені өмірге кеш әкелген, Ауыл Совет, сен қандай әулиесің? Шынымен болмасақ та, туа мықты, Мұқалмас жырмен Мұқаң суарыпты. Өлең сенің өзіңнен алсам деймін, Туу жайлы ендігі куәлікті. Е.Жақ. ~ Сәрәл тіл қатпады, кепкісінің астынан семіз портфель сүйреткен жігітке тұздай көзін қадады, іштей: «Бүйтіп әспенсітетіндей қай әулиесің?»— деп тұр. М.Қаб. ~ Сабыр ет, жігіт, қызды құтқарған азамат күні бүгінге дейін белгісіз. — Сен өзің қайдан шыққан әулиесің?— деді Сағит Карповқа сұстана. Қал.Мұх. * «Аузын қу шөппен сүртіп, бүйтіп жылымшылатқанша: «Жарқыным, Әлияға қарамайтының бар, кімге әулиесің, бұдан былай пәтер ақыңа жиырма бес сом төле, әйтпесе бөлмені босат!»— деп, кесіп-пішіп тастамай ма». М.Қаб.
