Жекпе-жекке шақыру. * Шекара бойлаған қысық көз қытай анау. Миығынан күледі. «Қазақтың қанды басын бері тарт, арлы басын ары тарт!» деп алақанын ысқылап отыр. А.Алт. * «Мә, ендеше, қанды басың бері тарт». Аңшы шынжырларды ағаш түбіне байлап бекітіп, көп аялдамай, үстіңгі ернінің астына сыңар шөкім у жасыл насыбайды көміп тастап, жүріп кетті. C.Сағ.* Үшінші күні ғана тоңазыған көктемнің таңбозында Ақ Бұрқанды бетке алған қалың жаудың қарасы көрінді. «Әп, бәлем! Қанды басыңды бері тарт!» – деді Бедел алақанына түкіріп. Б.Нұрж. * – Дереу кіріс онда. Қанды басың бері тарт деген әңгіме бұл, – деп ырқ-ырқ күлді. – Тұяқбай Сәпиевичтің вкусы сұмдық. Н.Дәут.
