Зорлықшыл жауыз. ~ Жанындағы жігітке суық жүзбен
шаншыла қарап, қанды көзін бір қақпастан қадалып отырып,
ашық, анық қылып: — Аспай сөйле, мырза! Қорқытсаң, дұрысыңмен қорқытарсың
… М.Әу. * Боранқұл сол кезде булыққан ашудан жарылып
кете жаздап, мұртының екі шалғысы сілкініп, қанды көздері
шатынап шыға келді. Ғ.Біл. * Белоруссияны түгелдей,
Украинаны түгелге жуық басып алып қойды. Ленинград
қоршауда. Қанды көз тажал бұл күнде жалақтап Москва мен
Кавказға төніп келеді. Б.Соқп. * “Әйелім жасырын бизнес
жасайды, заңға қайшы әрекетпен айналысады” деп
ғарызданады. Қайдан қызыл ілінер деп қанатын қомданған
қанды көз қырандарға да керегі осы. Т.Сәу.
- Қыран құс туралы. * Адам жүрген жерде шымшық, торғай
сияқты әлсіздерді жем қылатын жыртқыш қанды көз
құстардың болмайтынын қарлығаш та сезеді. Екіншіден ол
өзінің сүйкімділігін, әсемдігін де білген. С.Бақб. ~ Таңдаған жемін, жерік жемін айшылық жерден алып, ешкімнің көзіне көрінбей, қия-қия жартастардың, адам аяғы баспайтын мәңгі мұз, құзарлы шатқалдардың ішін қанды көз балапандарымен қанаттарын желпіп, ойнақ салып жүріп қан сасытты. Оның тамақтанғаны – ойын, ойыны – нөсер! С.Жүн.
3. Өткір де, отты, қырағы көз. ~ Әрқашан оқығанда, хатыңды алып,
Құмардан бір шығамын, мейірім қанып. Қайқы қанат, қанды көз, қырандай-ақ,
Жөнелер ой аспанға шырқап алып. М.Ж.Көпей. ~ Болыпты талай қанды көз мерген, Ән менен жырға өшіккен жаны. Ә.Тәж.
